You are here

«ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ» - «ПАМЯТЬ ВО ИМЯ БУДУЩЕГО»

Версия для печатиPDF versionEPUB version

БЕЙБІТШІЛІК САБАҚТАРЫ

«История Казахстана. 1917-2012. Документы и материалы» құжаттар жинағының таныстырылымы

Тарихтан тағылым – өткенге тағзым

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ

«ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ - ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ» атты халықаралық форумға қатысушылардың Қазақстан халқына ҮНДЕУІ

«Тарихтан тағылым-өткенге тағзым»

2017 жылғы 30-31 мамыр күндері Қызылорда облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ» - «ПАМЯТЬ ВО ИМЯ БУДУЩЕГО» атты жыл сайынғы жобасы аясында іс-шаралар кешені өткізіледі. 

29 мамыр – іс-шаралардың 1-ші күні

Сағат 9.00-де Қызылорда қаласындағы оқу орындары мен кәсіпорындара ҚХА мүшелері, жоғарғы оқу орындарының профессорлары мен оқытушыларының, музейлер, мұрағаттар мен кітапханалар қызметкерлерінің, кәсіпорындар өкілдерінің, студент жастардың қатысуымен бейбітшілік сабақтары өтеді.

11.00-де Нағи Ілиясов атындағы ауылда ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің «Қоғамдық сананы Қоғамдық келісім кеңестері тұрғысында жаңғырту» атты көшпелі отырысы өтеді. Ал Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада ҚХА «Ассамблеядан теңдессіз сый»-«Дар от Ассамблеи» акциясы  мен «История Казахстана. Документы и материалы (1917–2012)» хрестоматиясының таныстырылымы өткізіледі.

Сағат 15.00-де Талсуат ауылының «Талсуат» оңалту орталығында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қайырымды ел» қайырымдылық акциясы өтеді.

Бірінші күн сағат 17.30-да «Жібек жолы» СОО кинозалында өтетін жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына арналған «АЛЖИР» фильмінің көрсетілімімен қорытындыланады.

31 мамыр – іс-шаралардың 2-ші күні

ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін іс-шаралар:

9.00–да - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған митинг («Арай» шағын ауданы);

11.00 –де -Қоркыт Ата ат. Қызыорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Тарихи жады және тағылым – рухани жаңғырудың негізі» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференция қатысушыларына «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи-деректі көрмесі көрсетіледі.

Пленарлық отырыстан кейін 4 секция өз жұмысын бастайды: «Қазақ мемлекеттілігі тұрғысындағы Алаш құндылықтары», «Алаш мұрасы – тарихи ескерткіш», «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін, ашаршылық және жер аудару кезеңін тарихи талдау тәжірибесі»; «Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі».

_____________________

«Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі:

тел. 74-12-15, 74-12-13

+7 701 761 06 55

+7 778 534 12 64

E-mail: info_rgy@mail.ru

www.assembly.kz

Іс-шара бағдарламасы

Уақыты

Өтетін орны

Іс-шара

2017 жылғы 30 мамыр (сейсенбі)

09.00-10.30

ЖОО, колледждер мен кәсіпорындар базасында

ҚХА мүшелері, ЖОО-лардың оқытушы-профессорлық құрамы, мұражайлар, мұрағаттар, кітапханалар қызметкерлері мен кәсіпорындар және жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өтетін бейбітшілік сабақтары

11.00-11.30

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана

 «Ассамблеядан теңдессіз сый»-«Дар от Ассамблеи» акциясы

11.30-

12.30

«История Казахстана. Документы и материалы (1917–2012)» хрестоматиясының таныстырылымы

(ҚР Президентінің мұрағаты)

11.00-

13.00

Н.Ілиясов атындағы ауыл, Мәдениет үйі

Нағи Ілиясов атындағы ауылға бару, Қызылорда облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов атындағы ауылында өтетін «Қоғамдық сананы Қоғамдық келісім кеңестері тұрғысында жаңғырту» (Н.Ілиясов атындағы ауылдың Қоғамдық келісім кеңесінің жұмыс тәжірибесінен) атты көшпелі отырысы

15.00-

17.00

Талсуат ауылы, «Талсуат» оңалту орталығы

Талсуат ауылына бару, Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қайырымды ел» қайырымдылық акциясы

17.30-

19.40

«Жібек Жолы» СОО кинозалы

Жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына арналған «АЛЖИР» фильмінің көрсетілімі

2017 жылғы 31 мамыр (сәрсенбі)

09.00-

09.30

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш (Арай ш.а)

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған митинг (бір минут үнсіздік, ескерткіштерге гүл шоқтарын қою)

10.30-

10.45

Қоркыт Ата ат. Қызыорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайы

«Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи-деректі көрме (ҚР Президентінің мұрағаты, Қызылорда облысының Мемлекеттік мұрағаты, Қызылорда облысының мұражайы)

11.00-

12.30

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық жобасы аясында өтетін «Тарихи жады және тағылым – рухани жаңғырудың негізі» атты ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысы

14.00-

16.00

Секциялық отырыстардың жұмысы

1-секция: Қазақ мемлекеттілігі тұрғысындағы Алаш құндылықтары «Алаш мұрасы – тарихи ескерткіш» электрондық картасының таныстырылымы (ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы)

2-секция: Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін, ашаршылық және жер аудару кезеңін тарихи талдау тәжірибесі

3-секция: Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі

16.00-

16.30

Қорытынды

 

***

«Тарихи тағылым – өткенге тағзым» - «Память во имя будущего» жобасының мақсаты жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыру, ұлттық бірлікті нығайту, тарихи жадыны сақтауда және тарихи тәжірибені болашақ ұрпаққа беруде азаматтық қоғам мен мемлекетті біріктіру болып табылады. 

«Тарихи тағылым – өткенге тағзым» - «Память во имя будущего» халықаралық жобасының іс-шараларын ҚХА алғаш рет 2010 жылы  ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қорының (ГЫМҚ) қолдауымен  Астане қаласында және «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешенінде өткізген болатын.  

Іс-шаралар аясында кезінде депортацияланған және қуғын-сүргінге  түскендердің  12 мемлекеттен келген ұрпақтарын ҚР Президенті қабылдап, онда барша зардап шеккен халықтарды есте сақтауға аялай қарау туралы мәселелер талқыланды.  Тарих  ғылымының 300-ден астам отандық және шетелдік ғалымдары қатысқан ТМД елдері тарихшыларының «Тарихтан - бүгінгі күнге» атты бірінші форумы сол кезде өтті. Форум қорытындысы бойынша Тарихи мұраны зерттеудің бірыңғай жолдарын әзірлеу жөніндегі Астана хартиясы қабылданды.

2011 жылы эстафетаны Қарағанды облысының Долинка поселкесінде күрделі қайта жөндеуден кейін ашылған Саяси қуғын-сүргін музейі қабылдап алды.  Бұл іс-шара өткен ғасырдың 30-40 жылдарында кеңес билігінің мемлекеттік террор жүйесі қуғын-сүргінге салғандарға арналған  лагерьлердің ішіндегі ең ірілерінің бірі – КарЛАГ-тың құрылуына 80 жыл толуымен тұспа-тұс келді.

Жоба аясында ҚХА-ның қолдауымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы Қазақстанға күштеп көшірілген халықтар туралы «Жерұйық» көркем фильмі түсірді (режиссер  С. Таукел,  сценарист  Л. Сон), премьерасы  31 мамырда Астана қаласында өтті.

ҚХА қолдауымен Астана қаласы арқылы Қарағанды қаласына «АЛЖИР - КАРЛАГ» атты еске алу автосапары ұйымдастырылды.   

2012 жылы «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» халықаралық жобасы 30-жылдардағы жаппай ашаршылықтың 80 жылдығы және халықтарды Қазақстанға күштеп көшірілудің басталғанына 75 жыл толуына арналды. Астана қаласында «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументі ашылды.

Этномәдени бірлестіктердің бастамасымен халықтар күштеп көшіріп әкелінген жер – Алматы облысы Қаратал ауданының Бастөбе тауының етегінде, «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің алғашқы тасы қаланды. 

 2013 жылы іс-шаралар Оңтүстік Қазақстан облысында «Қасірет» мемориалының алдында өтті; Саяси қуғын-сүргін құрбандарының облыстық музейінде «Қасіреттің күнәсіз құрбандарының сабағы» тақырыбында  саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен кездесу болып өтті. Ж.Шанин атындағы облыстық драма театрында «Тарих тақсіреті»  музыкалық-драмалық   композициясы қойылды.

2014 жылы «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» халықаралық жобасы аясындағы іс-шаралар Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында өтті: «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» Халықаралық форумы, «АЛАШ феноменіне қазіргі заманға сәйкес көзқарас: тарих сабақтары және біріктіруші концептілер» атты ғылыми-практикалық конференция, митинг және «Есте сақтау үшін...»   акциясы өткізілді.

2015 жылы қатысушылар жоба шеңберінде Жымпиты ауылында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «ҚХА – 20 ізгі іс» қайырымдылық акциясын өткізді, депортация, саяси қуғын-сүргін  құрбандары мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған еске алу асын беруді ұйымдастырды, «Дені сау әйел – дені сау ұрпақ» тақырыбына әлеуметтік кеңестер берілді, жастарға арналған «Құрмет. Түсіністік. Келісім» атты әлеуметтік тренинг жүргізді.

2016 жылы «Тарихтан тағылым»жобасы шеңберінде Жезқазған қаласы мен Ұлытау ауылында (Қарағанды облысы)іс-шаралар өтті: ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы; «Еске алу аллеясы», «Теңдессіз сый» - «Безценный дар» және еске алу акциялары; «Халық қасіретін ұмытыға болмайды» деректі-жәдігерлік көрмесі; «ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы саяси репресиялар» тақырыптық көрмесі және т.б.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15