You are here

ЖУРНАЛИСТИКА САЛАСЫНДА «ШАҢЫРАҚ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

04.07.2017, 17:03   1514

Версия для печатиPDF versionEPUB version

ЖУРНАЛИСТИКА САЛАСЫНДА

«ШАҢЫРАҚ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ

ЕРЕЖЕСІ

 

1. Жалпы ережелер

1.1. Журналистика саласында «Шаңырақ» шығармашылық конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізуге арналған осы Ереже Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2016-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 41-тармағын іске асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы №837 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысына сәйкес әзірленген.  

1.2. Конкурстың басшылығы:

1) Конкурстың құрылтайшысы – Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрі – құрылтайшы);

2) Конкурсты ұйымдастырушы  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) болып табылады.

1.3. Осы Ереже конкурстың өткізілу тәртібін және жобаларды іріктеу өлшемдерін айқындайды.

2. Конкурстың мақсаты және міндеттері

2.1. Конкурстың мақсаты – этносаралық қатынастар тақырыбын жазып-көрсететін журналистерді ынталандыру арқылы отандық журналистиканың дамуына ықпал етіп, үлес қосу болып табылады.

2.2. Конкурстың міндеттері: 

1)  мәдениетаралық диалогтың дамуына ықпал ететін  этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні мен мазмұнын ашып көрсететін  БАҚ бағдарламалары мен материалдарын дәріптеу;

2)  ақпараттық кеңістікте көп этносты Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерінің озық үлгілерін ілгерілету;

3) мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

4) БАҚ-тағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мәселелеріне арналған публицистикалық материалдардың сапасын арттыру;

5) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту тақырыбын жазып-көрсететін қазақстандық БАҚ-тардың рөлдері мен жауапкершіліктерін арттыру болып табылады.

3. Конкурсқа қатысушылар

3.1. Конкурсқа қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, сарапшылар мен жеке авторлар қатыса алады.

3.2. 2017 жылғы Конкурсқа соңғы екі жылда өткізілген конкурстардың жеңімпаздары қатыса алмайды.

3.3. Әр қатысушы тек 1 (бір) өтінім бере алады.

4. Конкурс басшылығы

4.1. Конкурс құрылтайшысы конкурсқа жалпы басшылықты жүзеге асырады.     

4.2. Ұйымдастырушы:

- осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

- қазылар алқасын құрады және оның құрамын бекітеді; 

- конкурстың барлық рәсімдері мен оның өткізілу тәртібін айқындайды және  конкурс жеңімпаздарын марапаттауды қамтамасыз етеді;

- конкурс қорытындыларын бекітеді;

www.assembly.kz сайтында конкурстың жариялануы туралы ақпаратты орналастырады, конкурстың қорытындылары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді.

4.3. Өңірлік деңгейде Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылықтары құрылтайшы, облыстардың,  Астана мен  Алматы қалаларының «Қоғамдық келісім» КММ-і ұйымдастырушы болады.

4.4. Конкурс жеңімпаздарын айқындау мақсатында Ұйымдастырушының қатысушылардан қосымша ақпарат сұратуға құқығы бар.

4.5. Конкурс жеңімпазын қазылар алқасы айқындайды.

5. Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімі

5.1. Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған,  2017 жылғы 1 қаңтардан 1 қазанға дейін баспа БАҚ-та, оның  ішінде,  этномәдени бірлестіктердің бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жарияланған материалдар,  теле- радиобағдарламалар қабылданады.

5.2. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

- ақпараттық жаңалықтар мен телевизиялық бағдарламалардың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған  үздік  бейне сюжеттері; 

- баспа және электрондық басылымдардағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған  үздік мақалалар;  

- ақпараттық агенттіктердің және желілік басылымдардың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған  үздік радиобағдарламалары мен материалдары;  

- мемлекеттік тілді насихаттау және кеңінен танытып-тарату саласындағы арнайы жүлде.

5.3. Конкурс 2 кезеңнен тұрады:

-  өңірлік конкурсқа қатысу үшін қатысушылар конкурстық жұмыстарды 2017 жылғы  20 маусымнан бастап 2017 жылғы 5 қазанға дейін жібере алады;

- конкурстың бірінші (өңірлік) кезеңінен өткен конкурстық жұмыстар 2017 жылғы 5 қазаннан   2017 жылғы 15 қазанға дейін өтетін конкурстың екінші (республикалық) кезеңіне жіберіледі.

5.4. Өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ-і немесе Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық және Астана мен Алматы қалалық хатшылықтары өңірлік кезеңнің конкурс жеңімпаздарының материалдарын өңірлік конкурстық комиссияның отырысы хаттамасының көшірмесімен бірге жабық конвертпен  2017 жылғы 15 қазанға дейін мына мекенжайға жібереді: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8,  Министрліктер үйі, 13-кіреберіс, 681-кабинет.

5.5. Үздік жұмыстарды салтанатты марапаттау Астана қаласында 2017 жылғы  қараша айында медиа-форум шеңберінде өткізіледі.

5.6.Конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдерді жарияланған қабылдау уақыты өткеннен кейін берілген немесе конкурс талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қаралмайды.

5.7. Конкурсқа жіберілген материалдарға пікір жазылмайды және қайтарылмайды.

6. Конкурстық өтінімді ресімдеу талаптары

6.1. Конкурсқа қатысуға өтінім беру конкурсқа қатысуға талап етушінің осы Ережеде көзделген талаптар мен шарттарға келісімін бергенін  білдіреді.

6.2. Конкурсқа қатысу үшін берілген өтінім:

- кандидаттың осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған  өтінімінен;

- өтінімнің конкурс талаптарына сәйкес келуін растайтын қосымша құжаттарды қамтуы тиіс.

Бір өтініммен берілетін материал саны 3-еуден кем емес және 5-еуден артық болмауға тиіс.

6.3. Конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстың атауы мен жіберушінің деректерін көрсетіп, конкурстың өңірлік ұйымдастырушысына электронды түрде, сондай-ақ, жабық конвертпен жіберуге болады.

6.4. Конкурсқа қатысуға түскен өтінімді конкурсты ұйымдастырушы өтінімнің келген күні мен уақытын көрсетіп, конкурсқа қатысу үшін тіркейді.

Ақпараттық сипаттағы қысқа материалдар /баспасөз хабарламасы, т.б./ конкурсқа қатыстырылмайды.

6.5. Осы Ережемен көзделген талаптар бұзылған жағдайда конкурсқа қатысуға түскен өтінім қабылданбайды және тіркелмейді.

Байланыс телефондары: + 7 7172 74 12 15, + 7 7172 74 12 13

E-mail: info_rgy@mail.ru

 

№1 ҚОСЫМША

 

ssЖурналистика саласындағы 

«Шаңырақ» шығармашылық конкурсына қатысуға арналған

өтінім  

 

1. Қатысушы туралы мәліметтер:

* облысы, елді мекені;

* тегі, аты, әкесінің аты;

* туған жері және туған жылы;

* ұлты;

* тұрақты тұратын жері;

* байланысу телефоны;

* оқу орны/жұмыс істейтін жері;

* лауазымы;

* жұмыс өтілі.

 

2. Шығармашылық құжаттар:

* баспа БАҚ-та жарияланған материалдардың сканирленген көшірмелері;

* интернет-ресурстардағы парақшалардың басып шығарылған көшірмелері;

* теле-, радио бағдарламалардың дискке DVD, CD форматында жазылған жазбалары.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15