Жоба аясындағы тартысты жарыс

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен 10-шы тамыз күні «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының «Тиімді тілдік орта» ойын алаңы аясында қалалық «Сырдария» балалар сауықтыру лагерінде ұлттық ойын түрлерінен жарыс болып өтті. Іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы Шахизат Абдраманова, «Сырдария» балалар сауықтыру лагерінің директоры Гаухар Құдайбергенова, тәрбиешілер және 10-15 жас аралығындағы оқушылар қатысты.

«Тиімді тілдік орта» ойын алаңының негізгі мақсаты балабақшаларда, мектептерде және жазғы демалыс лагерлерінде демалыспен ұштастырылған қазақ тілін оқыту алаңдары, ұлттық және спорттық ойындар, байқаулар мен викториналар ұйымдастыру болып табылады.

Лагерь басшысы жарысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, бәйгеде мықтылар ғана оза шабатынын айтып өтті.

Тартысты өткен жарыста қатысушылар өз белсенділіктерін танытып, жігерліктерін көрсетті.  «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында өткізіліп отырған ұлттық ойын алаңында үлгілі нәтиже көрсеткен 6 жеңімпаз марапатталып, дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

 

Облыстық Қазақстан халқы

ассамблеясының баспасөз қызметі

Дата события Ассамблеи: 
Жұма, 11 Тамыз, 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.