You are here

Зейнеп Ахметованың қатысуымен Аналар кеңесінің форумы басталды

22.05.2017, 11:50   366

Версия для печатиPDF versionEPUB version

19 мамыр күні Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық Аналар кеңесінің «Дәстүрлі құндылықтар және рухани жаңғыру» атты форумы өтті. Оған жазушы-этнограф, қоғам қайраткері, Бауыржан Момышұлының келіні, қазақы дәстүрлерді, отбасылық құндылықтарды, дәстүрлі дінді, ұлттық рухты насихаттаушы Зейнеп Ахметова, облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов,  облыстық, аудандық Аналар кеңесінің мүшелері, интернационал отбасылар, көпбалалы аналар мен этномәдени бірлестік мүшелері, мұғалімдер, қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

Шараны облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов жүргізеді. Форумның маңыздылығын атап, З.Ахметованың өнегелі өмір жолына тоқталып өтті.

 Зейнеп Асқарбекқызы Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында қан майданда әйгілі командирлердің бірі болған, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының  соғыстан кейінгі  жылдарындағы өміріне арналған естелік-кітап «Шуақты күндердің» және «Әзіліңді сағындық», «Бабалар аманаты» кітаптарының авторы.

Форум барысында Зейнеп Асқарбекқызы отбасылық құндылықтар, дәстүрлі дін, ұлттық салт-дәстүр, қазақ қызына тән болмыс, қоғам қалыптасуындағы ана-әже рөлі туралы әңгіме айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, ата мен келіннің арасындағы байланысты, қаталдық артындағы жұмсақтықты, таяқтың ұшындағы тәрбие мәселелеріне тоқтала кетті. Батырдың келіні болу - үлкен жауапкершілік пен ұқыптылықты талап еткендігін де айтып өтті.

Айта кету керек, дана келін, дара келін Зейнеп Асқарбекқызын көруге келушілер қатары көп болды. Ғибратты әңгімелерін тыңдап, өнегелі өсиеттерін ойларына түйді. Форум пікір-алмасу, сұрақ-жауаппен жалғасын тапты.

Облыстық Қазақстан халқы

 ассамблеясының баспасөз қызметі

 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15