You are here

Тіл мерекесіне арналған онлайн-акция

21.09.2017, 14:14   281

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен  Қазақстан халқы тілдерінің мерекесіне орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде онлайн-акция болып өтті. Оған қала бойынша 15 мектептен 30-дан астам өзге этнос өкілдерінің оқушылары және олардың жетекшілері қатысты.

Онлайн-акцияның мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының 6-шы бағытында айтылған латын әліпбиіне көшу және тілді жаңғырту мәселесі болып табылады.

Іс-шара барысында оқушылар Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің ағылшын, корей, араб, қытай тілдерін жетік меңгерген студенттермен кездесіп, сабақтың өту барысын көрді. Үш тілді жетік меңгерген жастар оқушыларға маңызды таңдауда жаңылмай, болашаққа жол ашатын мамандықты таңдауға кеңес берді. Сонымен бірге, оқушылар университеттің профессор оқытушыларымен пікір алмасты. Соның ішінде, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты С.Тайман, ф.ғ.к, қауымдастырылған профессоры Аман Абасилов,  шетел тілдері және аударма кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к, доцент Марияш Жұмағұлова және шетел тілдері және аударма кафедрасының корей тілінен профессоры Пак Джон Кын жастарға латын әліпбиіне көшу мәселесінің маңыздылығын түсіндіріп, төл мерекемен құттықтап өтті.

Онлайн-акцияның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15