You are here

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ

31.05.2017, 17:36   350

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 30-31 маусым күндері Қызылорда облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ» - «ПАМЯТЬ ВО ИМЯ БУДУЩЕГО» атты жыл сайынғы жобасы аясында іс-шаралар кешені өткізілді.

31 мамыр күні ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен  саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған митинг  ұйымдастырылды.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар, этномәдени бірлестіктер, БАҚ өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Одан әрі Г.Әбдықалықова «Ұлттық сана: тарихи тәжірибе және рухани жаңғыру» халықаралық конференциясына қатысты.

Өз сөзінде Мемлекеттік хатшы ұлттық жадының  шекарасын кеңейтуге, сол дәуірдің оқиғалары мен деректеріне олардың тарихи өзара байланысы және сабақтастығы арқылы қарауға мүмкіндік беретін конференцияның жоғары қоғамдық-саяси мәні мен іс жүзіндегі нақты мақсаттарын атап өтті.

Г.Әбдіқалықова ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан тарихының қайғылы кезеңдерін талқылау рухани жаңғыру процесіне қосылатын үлкен үлес екенін айтты.

Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргіннің, депортация мен мәжбүрлі жер аударудың құрбандарын еске алу әр қазақтандықтың заманауи рухани жаңғыруының негізгі константасының бірі болуы тиіс.

Пленарлық отырыстан кейін 4 секция өз жұмысын бастады: «Қазақ мемлекеттілігі тұрғысындағы Алаш құндылықтары», «Алаш мұрасы – тарихи ескерткіш», «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін, ашаршылық және жер аудару кезеңін тарихи талдау тәжірибесі»; «Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі».

Сонымен қатар, іс-шараның қатысушыларына «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи-деректі көрмесі көрсетілді.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылардың Қазақстан халқына үндеуі қабылданды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15