Сыр еліндегі кездесу

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2015 жылы 2 қыркүйекте Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында облыстық ассамблея хатшылығының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігінің хатшылық меңгерушісі Е.Л. Тоғжановпен кездесу болып өтті. Оны облыс әкімінің орынбасары Р.Кенжеханұлы жүргізіп отырды.

Кездесу Студенттер сарайының фойесінде орналасқан кітап көрмесінен бастау алды.

Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, облыс прокуратурасы, қалалық мәслихат, этномәдени бірлестік жетекшілері, облыстық ассамблея жанындағы қоғамдық келісім, Аналар кеңестерінің мүшелері, ғалымдар, толеранттылық клуб жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Ассамблеяның жұмысын жандандыруда сан ұлттың баласына саялы мекен болған Сыр өңірінің алар орны ерекше. Облыста 35-тен астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті өмір сүруде. Ең алғаш Ассамблея құрылған жылы облыста 4 қана этномәдени бірлестік жұмыс жасаса, бүгінгі күні 11 этномәдени, 3 этнобағыттағы бірлестіктер, облыстық, аудандық Аналар кеңестері, қоғамдық келісім кеңестері Сыр өңірінің руханиятын өркендетуге зор үлес қосып отыр.

Ассамблея жылы аясында жүзеге асырылған «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 игі іс» қайырымдылық шараларына облыс жұртшылығы белсене араласты. Береке мен бірліктің символы – халықтың «Тайқазаны» қайырымды істермен толықты. Игі істер эстафетасы аясында 95 шара ұйымдастырылып, 13 409 адамға қайырымдылық жасалды, 8 000 адамға медициналық көмек берілді. Барлығы 46 млн. 177 мың 120 теңгенің көмегі көрсетілді.

Кездесу барысында Е.Л.Тоғжанов барша қатысушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен құттықтап, жыл басынан бері Ассамблеяның бастамашылығымен республика көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары ұлттық идеясы, 5 институционалдық реформасының мазмұнын ашып, 4-ші «Біртектілік пен бірлік» бағытына ерекше тоқталып өтті.

Қатысушылар толеранттылық, үш тұғырлы тілді дамыту, бірлік, ынтымақтастық тақырыптарын аша отырып, Ассамблеяның рөлі мен маңызы, тарихи қалыптасуы мен қоғамдағы орны жайында сөз қозғады.

Ұлы Отан соғысының 95 жастағы ардагері Б.Құлманов пен 85 жастағы 10 бала, 30 немере, 20 шөбере тәрбиелеп отырған Батыр Ана Қ.Оспанова Елбасының бірлік пен келісім саясатына, оны жүргізіп отырған Ассамблеяға ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.

Кездесу соңында Е.Л.Тоғжанов бірқатар азаматтарға ҚХА-ның 20 жылдығына арналған мерекелік медальді табыс етті.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.