You are here

Өзбек драма театры Достық үйінде

10.12.2017, 23:57   121

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Бүгін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен өзбек этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театры қонаққа келді. Оған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымдары, этномәдени бірлестіктің жетекшілері мен белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты. Қатысушылар театрдың орындауында   «Өзбекше би» қойылымын тамашалады.

 Қойылымда өзбек жігітін  ұнатып, жақсы көріп қалған  орыс қызының тағдыры  туралы баяндалды. Өмірлік серігінің,  қайын енесінің мейірбандылығының арқасында барлық қиыншылықтарды жеңіп, салт-дәстүрлерін үйреніп, нағыз өзбек әйеліне айналғандығы  көрсетілді. Сондай-ақ, адамзатқа ортақ құндылықтар паш етілді.

ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған шарада Шымкент қаласынан ат терлетіп келген өзбек драма театрының директоры Икрам Хашимжанов өңіріміздегі өзбек этномәдени бірлестігінің белсенді мүшелеріне Алғыс хат табыстады.

Шараның соңында қатысушылар концерт тамашалап, көңілді кеш сыйлаған Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театрына алғысын білдірді.

 

Облыстық Қазақстан халқы

 ассамблеясының баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15