You are here

Мемлекет басшысының Өкімімен Александр Юрьевич Тараков Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды

22.12.2016, 12:27   2842

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 20 желтоқсанда Мемлекет басшысының Өкімімен Александр Юрьевич Тараков Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.

Александр Юрьевич Тараков 1961 жылы 30 сәуірде УКСР Чигирин қаласында туған.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1983), журналист; ҚМЭБИ (1993) бітірген, саясаттанушы.

Еңбек қызметі:

  • 1983—1987 - «Ленинская смена» газетінің журналисі; 
  • 1987—1991 - «Арай – Заря» журналының қызметкері;
  • 1991 — «Сухбат – Позиция» газеті бас редакторының орынбасары;
  • 1992—1994 — «АЗиЯ» газетінің шолушысы;
  • 1994 жылдан 2016 ж. дейін «Казахстанская правда» («Казахстанская правда» Республикалық газеті» АҚ);
  • 1994—1998 — бөлім меңгерушісі;
  • 1998—2002 — бас редактордың бірінші орынбасары;
  • 2002—2007 — вице-президент
  • 2007—2011 — президент
  • 2011—2014 — басқарма төрағасының орынбасары;
  • 2014—2016 — басқарма төрағасы;
  • 2016 — басқарма төрағасының орынбасары;
  • 2016 жылдан бастап  —  ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры.

ҚР Журналистер академиясының академигі (2008 жылдан). ҚР Президенті жанындағы Адам құқығы бойынша комиссияның мүшесі (2002-2003), Бас редакторлар клубының мүшесі, ҚР Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.

Мемлекеттік марапаттары және құрметті атақтары бар. «Құрмет» ордені және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдары; ҚР Президентінің БАҚ саласындағы мемлекеттік сыйлығы мен «Баспасөз бен ақпараттың дамуына қосқан үлесі үшін» құрмет белгісінің  иегері. 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15