You are here

Медиацияны дамыту жолдары талқыланды

02.10.2017, 11:24   197

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Бүгін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастырумен Достық үйінің мәжіліс залында   «Медиацияны халық арасында ілгерілету: өзекті мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында отырыс болып өтті. Дөңгелек үстелге әртүрлі сала мамандары, атап айтсақ «Қоғамдық келісім» КММ директоры Уәлихан Ибраев, Қызылорда қалалық сотының судьясы Кәмшат Сәдуақасова, «Медиация дамыту орталығы» РҚБ-нің Қызылорда облысы бойынша филиалдың директоры Ләззат Бақтыбаева, Қызылорда облысының әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Хәкімжан Әлиев, облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Жақып Шаймұханбетұлы, «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің үйлестірушісі Нұрлан Тасыбаев, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Қазіргі кезде өңірде медиация қарқынды дамып келетінін айта кету керек. Себебі, медиация тақырыбы барлық ортада ерекше өзекті. Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңының күшіне енген кезінен бастап бес жыл көлемінде республика аумағында 13 облыстық деңгейдегі өкілдіктер ашылып, 500-ден астам арнайы дайындықтан  өткен кәсіби медиаторларды дайындап, кәсіби медиаторлармен сотқа дейін және сот процесінде 6000-нан астам дау-дамайлардың толқыны басылып, медиациялық келісім-шарттар жасалған. Сондықтан даулы жағдайларда медиаторларды тарту жолымен баламалы түрде шешу біршама тиімді әдіс болып табылады. Сонымен қатар, өзара қақтығыс жағдайында медиаторлар көмегімен қарым-қатынасты сақтап қалуға болады дейді шараға жиылған қауым.

Отырыс соңында баяндамалар талқыланып, өзара пікір алмасуға ұласты. Алдағы уақыттың жұмыс жоспарлары бекітіліп, нақты шешімдер қабылданды.

Дата события Ассамблеи: 

Дүйсенбі, 2 Қазан , 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 51 21

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15