You are here

Қызылорда университетіндегі кездесу

02.09.2015, 19:00   3150

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігінің хатшылық меңгерушісі Е.Л. Тоғжанов 2015 жылдың 2 қыркүйегінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бас ғимаратында болып, археология және этнография зерттеу орталығында болды. Бұл оқу орны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 24 наурыздағы №256 қаулысымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты бірігіп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылған. Е.Л. Тоғжанов Сыр бойында соңғы жылдары жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеу жұмыстарының барысына жете мән беріп, табылған жәдігерлермен танысты.

Одан соң Тұңғыш Елбасы күніне арналып ашылған «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залын аралады және университеттің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұжымымен кездесті. Бұл кафедра 2014 жылдың жаңа оқу маусымынан бастап қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға үлес қосу мақсатында ашылған. Кафедраның құрамында тарих, саясаттану, филология ғылымдарының кандидаттары мен магистранттары дәріс береді.

Пікіралысу барысында алдағы уақытта Президенттің этносаясатын халыққа кеңірек таратудың, жастарға насихаттаудың ғылыми-әдістемелік орталығы осы жерде болуы керек деген ойын айтты. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары кафедра жұмысына оң бағасын берді.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15