You are here

Қызылорда облыстық ассамблея жанындағы ақпараттық-насихаттық топ мүшелері студенттермен кездесті

05.12.2016, 18:10   471

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қызылорда облыстық ассамблея жанындағы ақпараттық-насихаттық топ мүшелері «Тұңғыш Президент және этносаралық бейбітшілік пен келісімді нығайту» тақырыбында қаладағы бірнеше оқу орындарында кездесу өткізді.

Алғашқы кездесу «Болашақ» университетінің Нұрсұлтан Назарбаев аудиториясында өтті.

Кездесуге  «Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы Ержан Уәйіс, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшесі Аман Абасилов, «Болашақ» университетінің ректоры Мұрат Насимов және «Құқық, бизнес және ақпараттық технологиялар» факультетінің студенттері қатысты.

Ақпараттық-насихаттық топ мүшесі Ержан Уәйіс өз сөзінде  Елбасының өнегелі өмірінен естеліктер айтып, оның ел басқарудағы салиқалы саясатын мен Тұңғыш Президент күнінің маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар іс-шараға Ашур Хамидов, Азамат Мукеев, Әлібек Жаппасбаев бастаған ақпараттық-насихаттық топ мүшелері қатысты.

Кездесу барысында колледж студенттері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы, қоғамның демократиялануы және президенттік институттың нығаюындағы тарихи рөлі, оның халықты біріктіру үдерісіне, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі туралы сөз сөйлеп, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Ал, И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінде өткен шараға топ мүшелері атынан Айтжан Оразбақов, Мәдина Жүсіпбекова, Шакизат Абдраманова қатысты. Іс-шараға қатысқан Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты А.Оразбақов  өз сөзінде «Барлығыңызды Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын. Біз Еліміздің маңдайына біткен, аумалы-төкпелі уақытта ел тізгінін қолына алып, барлық ұлт пен ұлысты ұйыстыра білген, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап, халқына баянды болашақ сыйлаған Елбасымыз Н.Назарбаевпен мақтанамыз. Әрқайысымыз сол кісіге қарап бой түзеп, өнеге алуымыз керек», - деді.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15