You are here

ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының ресми іссапары

09.01.2017, 12:11   592

Версия для печатиPDF versionEPUB version

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдірахманов Сыр еліне іссапармен келді.

Сапар барысында ол өңірдегі бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, аудандар, елді мекендер активімен, медицина саласының қызметкерлерімен кездесті. Аудан ауруханаларында болып, аудандық балықшылар мұражайымен, көлік-техникалық колледжі және облыстық ассамблея құрылымдарының жұмысымен  танысты.

6 қаңтарда депутат Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессор-оқытушыларымен және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының оқытушы ғалымдарымен кездесті.

Университет ректоры Қ.Бисенов жүргізген жиында С.Әбдірахманұлы Елбасының халыққа Жолдауына баса назар аударып, Парламенттегі бірқатар заңнамалық өзгерістерге, атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының, көрегенділігінің арқасында еліміз айтарлықтай жетістіктерге жетіп, дамыған елдердің қатарына қосылдық. Қазақстан халқы Ассамблеясы  секілді бірегей институтты қалыптастырып, елдің ішін дауға, сыртын жауға алдырмаудың ауыр сынынан өтіп, ел мүддесін басты мұрат еттік», - деді депутат өз сөзінде.

Кездесу барысында жиынға қатысушылар айтылған ұсыныс-пікірлерге, қойылған сұрақтарға Мәжіліс депутаты тарапынан тұшымды жауап берілді.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15