You are here

Корей Республикасының консулдары Қармақшыда

28.07.2017, 10:42   480

Версия для печатиPDF versionEPUB version

26-27 шілдеде Корей Республикасының бас консулы Чжон Сынг-Мин, консул Ли Менг Дже және бас консулдың көмекшісі Чан Пен Хва Қармақшы ауданында болды.

Іс-сапар барысында Корей Республикасының консулдары Қармақшы ауданының III Интернационал ауылына барып,  ауылдың тыныс-тіршілігінен ақпар алды. Сондай-ақ ауылда тұратын корей өкілдерімен кездесті.

Олар ең бірінші Социалистік Еңбек Ері Цай Ден Хак атындағы мұражаймен танысты. Жүзі басқа болғанымен, жүрегі мен тілегі бір тұлғаның жетекшілігімен 1950 жылдары III Интернационал колхозы 174 мың центнер астық өндіріп, колхоз тарихында болмаған айтулы табысқа қол жеткізген болатын. Шаруашылықтың өркендеуімен бірге іскер басшы халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайына ерекше көңіл бөліп, тұрғын үй құрылысын жүргізуге баса назар аударды. Соның нәтижесінде ауылда көптеген халыққа қызмет көрсету орындары мен тұрғын үйлер салынды. 41 жыл қатарынан шаруашылық басқарған үлкен жүректі тұлғаны елі жадынан шығарған емес.

«Өткенді ұлықтау елдік парыз» демекші, ең бірінші кезекте Корей Республикасынан келген қонақтар Цай Ден Хак ескерткішіне гүл шоғын қойып, этнос өкілдерінің көрмесін аралады. Сонымен қатар, «Бади Нұр» балабақшасындағы тәрбиеленуші әртүрлі этнос өкілі балаларының өнерін тамашалады. Ауылдық клуб үйінде корей этнос өкілдерімен кездесіп, пікір алмасты.

Облыстық Қазақстан халқы

ассамблеясының баспасөз қызметі

Дата события Ассамблеи: 

Жұма, 28 Шілде, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15