You are here

Қоғамдық сананы Қоғамдық келісім кеңестері тұрғысында жаңғырту

30.05.2017, 22:45   131

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 30 маусымда күндері Қызылорда облысының Нағи Ілиясов атындағы ауылында ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің «Қоғамдық сананы Қоғамдық келісім кеңестері тұрғысында жаңғырту» атты көшпелі отырысы өтті. Іс-шара ҚХА «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық форумы аясында ұйымдастырылды.

Отырысқа ҚХА, Қоғамдық келісім кеңестерінің, ғылыми-сараптамалық кеңестің мүшелері, «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мекемелерінің қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің, БАҚ өкілдері және т.б. қатысты.

«Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Алаштың анасы болған Сыр елінде «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» форумын өткізгелі жатыр. Осы форум аясында өтіп жатқан Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы батыр ағамыз Нағи Ілиясовтың туған ауылында ұйымдастырылғаны қуантады. Ауылдың жетістіктерін баршамыз білеміз. Бұл ауылды мақтамаймыз, бұл ауылмен мақтанамыз. Мұндағы көрсетіліп жатқан қонақжайлылық, тұрғындардың жүзіндегі күлкісі, ауылдың әсем келбеті келісім мен бірліктің көрінісі деп білемін», - деді өз сөзінде Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Әміржан Әлпейісов.

Сонымен қатар іс-шараға қатысушылар Талсуат ауылының «Талсуат» оңалту орталығында өткен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қайырымды ел» қайырымдылық акциясына қатысты. Өңірлік ҚХА өкілдері балаларға сыйлықтарын табыстап, орталыққа қаржылық көмек көрсетті. Көңілдері қуанышқа толы «Талсуат» орталығының қызметкерлері мен бүлдіршіндері алғыстарын өз өнерлерімен жеткізді.

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасының бірінші күні жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына арналған «Алжир» фильмінің көрсетілімімен аяқталды. 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15