You are here

Клуб мүшерелінің мерекелік кездесуі

03.07.2017, 10:39   267

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Татулық мен қоғамдық келісімді нығайтуды қамтамасыз ету мақсатында және кәсіби мерекесіне орай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен журналистердің мерекелік кездесуі өтті. Төртінші билік өкілдерін төл мерекесімен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Уалихан Ибраев журналистер мен сарапшылар клубының мүшелерін шын жүректен құттықтап, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының басшысы Ләйлә Бегалықызының алғыс хатын табыстады.

Мерекелік кездесу барысында Елбасының Жарлығымен еліміздің әр өңірінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған журналистер мен сарапшылар клубының жұмысын одан әрі жандандыру және дамыту бойынша ой-пікір, ұсыныстар айтылды.

«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры У. Ибраев: «Аймақтың клуб мүшелері өз жұмыстарын белсенді түрде атқарып келеді. Оған ақпарат құралдарының өкілдері барынша ат салысып, ел бірлігін сақтау жолында, ауызбіршілікті одан әрі дамыту ниетінде кеңінен қалам тербеп жүр.

Ал, клубтың негізгі мақсаты конститутциялық мәртебеге ие мекеменің жұмысын одан әрі дамытып, оның азаматтық қағидат негізінде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту. Елімізді тұрақ еткен түрлі этностар арасындағы татулық пен ел бірлігін, жалпыұлттық мұраттар мен рухани адамгершілік құндылықтарды насихаттау болып табылады. Өңіріміздегі клуб құрамы республикалық және облыстық телеарна, газет, сайттардың белсенді 13 журналист пен сарапшыларынан жасақталған.

Қазіргі күні облыстың медиа кеңістігінде 90-нан аса бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істесе, аталмыш салада 2 мыңнан астам адам еңбек етеді екен. Олардың әрқайсысының өзіндік орны, айтар сөзі бар. Жалпы еліміз дүниежүзінің саяси арнасына шығуында журналистердің қосқан үлесі мол. Әрбір басқосу, іс-шара, жиындардың бәрі тілшілерсіз өтпейді. Ел тыныс-тіршілігінен хабардар етіп, белсене араласып оны жариялап жүрген де сіздер. Еңбектеріңіз еселеніп, абыройларыңыз арта берсін», - деді.

Кездесу аясында клуб мүшесі, «Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі Ержан Байтілес әріптестерін мерекемен құттықтап, өз ұсынысын білдірді. «Біз қызығы мен қиындығы мол саланың қазанында қайнап, бір терінің пұшпағын илеп жүрген қауым өкілдеріміз. Біздің мақсат-мүддеміз де бір, ол еліміздегі татулық пен тұрақтылықты сақтау жолында аянбай еңбек ету. Айтулы мерекеде баршаңызға шығармашылық табыс тілеймін. Алдағы уақытта шеберлікті шыңдау, келелі мәселелерді талқылау мақсатында журналистер клубы мүшелерінің отырысын өткізсек деген ұсынысым бар», -деді.

Журналистер мен сарапшылар клубының төрағасы, «Кызылординские вести» газетінің бас редакторы Тимур Қасымов Елбасының сарабдал саясатын насихаттап, халық ішіндегі өзекті мәселелерді талдап, билік назарына ұсыну миссиясын мойнына алған күрделі кәсіп иелерінің орны ерекше екендігін айтып, берілер ақпараттың жылдамдығы мен сапалылығы туралы ой қозғады.

Клуб мүшелері мерекелік кездесудің ұйытқысы болған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясына алғысын білдіре отырып, әріптестерін мерекемен құттықтап өтті.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15