«Қамқор» қайырымдылық акциясы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналып «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы ү.ж. 20-27 қарашасы аралығында өткізілуде.   

Жалпыұлттық «Қайырымдылық керуені» акциясы өңірімізде 2015 жылдың 20 қарашасы күні көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсету мақсатында «Қамқор» қайырымдылық акциясымен басталды.

Акция Қазақстан халқы облыстық ассамблея хатшылығы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сі, "Туған жер" қоғамдық қозғалысы" қауымдастығы және "Сарқырама Дизайн" жарнама агенттігінің өкілдерінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Облыстағы "Қамқорлық" дағдарыс орталығы тұрғындары азық-түлікпен, тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Іс-шара барысында сөз алған Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының басшысы Л.Төрешова қайырымдылық жұмыстарының әлі де жалғасы табатынын атап айтты.

Акция облыстық филармонияның бастамасымен ҚХА-ның 20 жылдығына арналған «Шекарасыз сазды әуен» атты концерттік бағдарламамен жалғасты. Концертке зиялы қауым өкілдері мен тұрмысы төмен отбасылар қатысып, облыс өнерпаздарының өнерлерін тамашалады.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.