You are here

Достықта жоқ шекара

21.12.2016, 12:38   486

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Славяне» қоғамдық мәдени орталығы «Достықта жоқ шекара» атты фестиваль концертін өткізді.

Жиынға жиналған қауымға «Славяне» қоғамдық мәдени орталығының жетекшісі Галина Щербакова  мерекелік лебізін жеткізді.

Мерекелік іс-шара М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің «Нүргүл» ансамблінің достық биімен бастау алды. «Надежда» балалар вокалды тобы «Менің Қазақстаным» атты патриоттық ән орындаса, облыстық ассамблея жанындағы жастар қанатының жетекшісі Константин Луца «Менің қалам» атты әнімен келген көрермендердің көңілін көтерді.

Іс-шараға қатысу үшін Шымкенттен «Казактар хоры» мен Алматы облысынан «Гармония» дуэты арнайы келгенін айта кетуіміз керек. Сахнада өлеңдер оқылып, этномәдени бірлестіктердің жас әрі белсенді мүшелері домбыра мен баянның сүйемелдеуімен ән айтып, би биледі.

Іс-шара соңында облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Л.Төрешова қатысушыларды Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтап, салтанатты фестивалге белсенді қатысушылардың барлығына алғыс хат тапсырды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15