«Болашақ» университетінің студенттерімен кездесу

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 «Болашақ» университетінің ғылыми кеңес залында «Тіл – ел байлығы» тақырыбында  кездесу өтті. Оған «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Асылбек Жұмабаев, ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к Аман Абасилов, «Филология және журналистика» кафедрасының меңгерушісі Надежда Шумейко, оқу орнының оқытушылары мен өзге этнос өкілдерінен құралған студенттер қатысты.

Кездесудің мақсаты –  тілдердің үштұғырлығын насихаттау, өскелең ұрпақты көп тілді меңгеруге, бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеу, үш тілдің маңыздылығын насихаттау мақсатындағы мәселелерді ортаға салу және өзара тәжірибе алмасу болып табылады.            

А.Жұмабаев және А.Абасилов  тілдер қарым-қатынасының теориясы, көптілділік мәселелері бойынша сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды. Сонымен бірге,  студенттер тарапынан үштұғырлы тіл саясатына байланысты баяндамалар оқылып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Іс-шара соңында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау бағытында «Филология және журналистика» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Тіл ел байлығы» эссе жазу сайысының жеңімпаздары  марапатқа  ие болды.

Облыстық Қазақстан халқы

ассамблеясының баспасөз қызметі

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.