You are here

БЕЙБІТШІЛІК САБАҚТАРЫ

30.05.2017, 17:48   334

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 30 мамырда Қызылорда қаласындағы ЖОО, колледждер мен кәсіпорындар базасында ҚХА «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық форумы шеңберінде бейбітшілік сабақтары өтті.

Осындай іс-шаралардың бірі Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтті.

Іс-шараға ҚХА мүшелері, ЖОО-дың оқытушы-профессорлық құрамы, музейлер, мұрағаттар мен кітапханалардың қызметкерлері, кәсіпорындар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Мұнда дәріс оқығандардың бірі ҚР Президенті Мұрағатының директоры  Борис Жапаров. Ол өз сөзінде жыл сайын өткізілетін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» форумының мән-мағынасына, өзектілігіне тоқталды. «Форум шеңберінде өтіп жатқан бүгінгі бейбітшілік сабақтарының мақсаты – жастардың патриоттық сезімін ояту, толеранттылықты дамыту, жеке тұлғалық мәдениеттілікті, құқық қорғау және жеке бас бостандық  ұғымдарын түсіндіру», - деді ол.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15