Баспасөз парағы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясын ү.ж 20-27 қарашасы аралығында өткізеді.

Жалпыұлттық Қайырымдылық керуені» акциясы аясында «Қамқор», «Ризашылық» қайырымдылық акциялары мен концерттік бағдарламалар, фотогалерея іс-шаралары өткізіледі. Акция барлық аудандарда, қалада ұйымдастырылмақ.

26-27 қараша күндері Астана қаласында өткізілетін «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясының республикалық съезіне Қызылорда облысынан 10 қайырымды жандар мен меценаттар қатысады деп жоспарланып отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «ҚХА - 20 игі іс» акциясы барысында жыл бойы облыс көлемінде қайырымдылық көрсеткен жандар, меценаттар мен үздік азаматтар марапатталады.

Биылғы жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 игі іс» акциясы шеңберінде Қызылорда облысы бойынша 247 іс-шара ұйымдастырылып, 21 489 адамға қайырымдылық жасалды. Барлығы 58 млн. 477 мың 120 теңгенің көмегі көрсетілді.

Мысалы, Қарағанды облысында орын алған табиғи апаттық жағдайға байланысты арнайы есепшотқа облыс тарапынан 7 млн. 610 мың 400 теңге, этномәдени бірлестіктерден 302 947 теңге аударылды. Сонымен қатар 125 тонна азық-түлік өнімдері, тұрмысқа қажетті заттар жолданды.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан да ізгілікті іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, «Асар» республикалық әлеуметтік ынтымақтастық акциясын және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қамқорлық көрсету айлығын өткізу барысында «Орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы, кәріс, татар, өзбек, шешен, этномәдени бірлестіктері тарапынан қарттарға түрлі көмектер көрсетілді.

«Славяне» қоғамдық мәдени бірлестігі А.Макаренко атындағы балалар үйінде қайырымдылық акциясын өткізді.

Облыстық ассамблея хатшылығы, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қызылорда қаласының № 198 орта мектебінде және И.Панфилов атындағы № 5 мектеп-лицейінде «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Акция барысында аз қамтылған отбасылардың үздік оқитын балаларына «Best servis ЛТД» фирмасы планшеттер, «Даму» автобизнес орталығы сыртқы киімдер тарту етсе, «Сырдария нефтьсервис» ЖШС бір отбасы балаларына қаржылай көмек көрсетті.

Облыстық ассамблея хатшылығы, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және облыстық Саясаткер әйелдер клубының ұйымдастыруымен Жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығында (Жастар үйі) «Асар» әлеуметтік ынтымақтастық акциясын өткізіп, отбасын құруға ниет білдірген «Жастар үйінің» тәрбиеленушілері Гүлнұр Серікбол мен Жан Әбілдаевқа көмек берілді. Екі жасқа теледидар, ыдыс-аяқ, қыз жасауына қажетті тұрмыстық заттар, қаржылай сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, тәрбиеленушілерге арнайы әзірлеген тәттілер мен әдеби кітаптар тарту етілді.

Үстіміздегі жылдың 1-2 қазанында Ұлы жеңістің 70 жылдығына және Қарттар күніне орай «Қалың қалай, ардагер?» атты акция ұйымдастырылды. Акция барысында облыстағы 80-ге жуық соғыс және тыл ардагерлеріне 840 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Атап айтқанда, әрбір ардагерге қажетті азық-түлік (ұн, қант, күріш, өсімдік майы, сүт, макарон, т.б.) және тонометр апарып берілді.

Акция шарасы жыл аяғына дейін өз жалғасын табады.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.