You are here

Айдын Айымбетов өзінің алғашқы ұшу сапарына Қазақстан халқы Ассамблеясының туын алып барады

01.09.2015, 10:54   2719

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2015 жылғы 1 қыркүйекте сағ.15.50 Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында ғарышкер Айдын Айымбетовқа Қазақстан халқы Ассамблеясының туын салтанатты табыстау рəсімі өтеді.

ҚХА туын табыстау ҚР Вице- Премьер Министрі- Бердібек Сапарбаев, Қызылорда облысының əкімі- Қырымбек Көшербаев, ҚХА Төрағасының орынбасары- ҚХА Хатшылығың меңгерушісі- Ералы Тоғжановтың ғарышкер жəне «СОЮЗ ТМА-18М»  ғарыш кемесі экипажының мүшелерімен кездесуі аясында өтеді.

2 қыркүйек сағат 10.00 ҚХА,  мемлекеттік мекемелердің мүшелері, этномəдени бірлестіктер, жастар қауымының қатысуымен  «СОЮЗ ТМА-18М» басқарылатын кеме ұшырылады.

***

2015 жылғы 22 маусымда  Ғарышкерлерді даярлау орталығының ведомствоаралық комиссиясы қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовты КПК«Союз ТМА-18М» ғарыш стансасына ұшуға қатысушы ретінде бекітті. Орбитаға  ұшатын  экипаж құрамында Айымбетовпен бірге  ресейлік ғарышкер Сергей Волков пен еуропалық астронавт Андреа Могенсен бар.

2015 жылғы 28 шілдеде Мемлекеттік медициналық комиссияның шешімімен Айдын Айымбетов денсаулық жайы бойынша ғарышқа ұшуға жарамды деп қабылданды. 10 тамыз ведомствоаралық комиссияның шешімімен Айдын   45/46/ЭП-18  ХҒС негізгі жəне қосарлы экипажының мүшелерімен Байқоңыр ғарыш алаңындағы  ұшуға дайындық курсына ұсынылды. 2015 жылғы 15 тамызда «Союз ТМА-18М» басқарылатын ғарыш кемесінің негізгі экипажымен бірге Байқоңыр ғарыш алаңына келіп, ұшуға дайындық жұмыстарына кірісті.

Ғарыш сапары барысында қазақстандық ғарышкер ғарыш станциясының бортында  бірнеше физико-ғарыштық тәжірибе өткізуді, сондай-ақ  Арал мен Каспий теңіздерінің  экологиялық жағдайына ғарыштық мониторинг жасауды жəне шаңды боран зерттеуді жоспарлап отыр.

________________________

«Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі :

тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13,

+7707 705 12 11,

E-mail: info_rgy@mail.ru

www.assembly.kz

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15