You are here

«Авторлық жоба» байқауы жеңімпаздары анықталды

22.09.2017, 17:00   257

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Достық үйінің мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Тіл – татулық тірегі» атты дөңгелек үстел болып өтті. Оған этномәдени бірлестіктер жетекшілері, белсенділері, облыстық ҚХА-ның ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, филолог мамандар, жастар қанатының белсенділері, облыстық ішкі саясат басқармасының және БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Рахима Ахметова жүргізді.

Жиынға жиналғандар көптілдік жағдайындағы мемлекеттік тілдің орны, қазақ тілін жаңғырту мәселесі, үш тілділік жағдайында қазақ тілін оқып-үйренуге басымдық беру, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы, тіл мәдениеті және бүгінгі қоғам тақырыбындағы мәселелерді талқылады.

Облыстық ішкі саясат басқармасының «Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы» МҚК-ның директоры Н.Мұсаева, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің «Шетел тілдері және аударма» кафедрасының корей тілі оқытушысы Ким Да Мин, татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Г.Гизатуллина сөз сөйлеп, тілдерді дамыту – еліміздің мемлекеттік саясатының ең маңызды бағыттарының бірі екендігін ортаға салды.

Айта кететіні, Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен этнос оқушыларына мемлекеттік тілді оқытып, қоғамның рухани негізі болып табылатын ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында 2015 жылдан бастап «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы ұйымдастырылып келеді. Жоба аясында орыс сыныптарына қазақ тілін оқытудың облыстық «Авторлық жоба» байқауы өткізіліп, байқауға қатысуға 15 өтінім келіп түскен болатын. Соның нәтижесінде бірінші орынды №10 Білім инновациялық лицей-интернатының оқытушысы Г.Байназар, екінші орынды Арал ауданының №14 мектеп-лицейінің оқытушысы Ғалия Курумбаева, ал үшінші орынды №7 мектеп-лицейінің оқытушысы Р.Асылбекқызы мен Сырдария ауданының №36 мектеп-лицейінің оқытушысы Ақмарал Серікбаева иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Дата события Ассамблеи: 

Жұма, 22 Қыркүйек, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 51 21

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15