You are here

Ақапараттық-насихаттық топ мүшелері Жалағаш ауданының тұрғындарымен кездесті

05.12.2016, 19:58   633

Версия для печатиPDF versionEPUB version

30 қарашада Жалағаш ауданында облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесі, ғылыми сарапшылық топ, жастар қанатының белсенділерінен құралған ақпараттық насихаттық топ мүшелері кездесу өткізді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясын қолдау мақсатында өткен кездесуге аудан әкімінің орынбасары Жағыппар Тажмаханов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жетекшісінің бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева, жергілікті тұрғындар, зиялы қауым, түрлі этнос өкілдері мен ауыл ақсақалдары, жастар белсене қатысты.

Іс-шараға қатысқан топ мүшелері ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ассамблея тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, тұрғындарға декларация туралы мағлұмат берді.

Облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Р.Смаханова, «Қоғамдық келісім» КММ-сі директорының орынбасары Р.Ахметова, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық Декларациясы еліміздің тарихындағы жарқын беттердің бірі болып қалатындығын және еліміздің 25 жыл ішінде жеткен жетістігі туралы ой-пікірлерін ортаға салды.

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» кездесуі барысында ауданның белсенді өкілдері арнайы Алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған концертпен қорытындыланды. 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15